ForteBank-тың Астанадағы бас кеңсесінде алғаш рет ForteDay шарасы ұйымдастырылды. Жиында банк қызметіндегі замануи технологиялық жаңалықтары таныстырылды. Мәселен, қаржы ұйымынан пайызсыз несие алып, банкоматынан картасыз ақша аударымын жасай аласыз. Сондай-ақ, аталған банктің мобильдік қосымшасы арқылы бірнеше банктік шотыңызды басқарауға да болады, деп хабарлайды Елорда инфо.
Басқосу барысында ForteBank жаңа қызмет түрлері мен өнімдерін таныстырды. Таныстырылым банктің Youtube, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында онлайн трансляция арқылы көрсетілді. ForteDay шарасында 2017 жылғы банк қорытындылары мен статистикасы, банктің алғашқы үш жылдағы өсім көрсеткіштері, банк қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. ForteDay “Sa’lem jiberemiz” тақырыбында өтті.
ForteDay жаңа өнім, жаңа қызмет, жаңа мүмкіндікке жол ашты. Жалпы, қазіргі таңда ForteBank-тің мобильді қосымшасында 350-ден астам қызмет түрі қолжетімді. Мұнда ай сайын 1769751 транзакция жасалады. Банк қызметкерлері тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақпартқа қолжетімділігін қамтамысз ету мақсатында түрлі қызметтер мен өнімдер жасап жатыр. Жақында ғана өткен ForteDay таныстырылым шарасы көпшілікке беймәлім қызмет түрлері туралы толық ақпарат берді. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили биыл алғаш рет өтіп отырған ForteDay шарасын жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын және бұл шарада жаңа қызметтер мен өнімдерді таныстыруды дәстүрге айналдыратындарын айтты.
_____________________________________________________________________________________________________________________Тельман Бейсенов