Экс-министр Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімі ұзартылды

3518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/mұrat.jpg
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін қамауда болады. Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы.
«Экс-министр Мұрат Бектанов 20маусымған дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын, – деді Орынбасаров.
Еске салайық, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды. 19 ақпанда Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

评论