Рудныйда балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды

3721
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/920942c1-0979-46e5-b371-c533835b8400-960x500.jpeg?token=4fd47831ca30298c52cfe90f052927fc
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Рудный балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні зорлаған. Оның ісі Қылмыстық кодекстің 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және 120-бабы "Зорлау" бойынша қаралды. Сот шешіміне сәйкес, айыпталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 1 миллион теңге көлемінде азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.
评论
其他材料