Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

3238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/920942c1-0979-46e5-b371-c533835b8400-960x500.jpeg?token=4fd47831ca30298c52cfe90f052927fc
Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазіргі ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.
ҰҚК, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.
评论
其他材料