Ақтөбе облысында үш бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Сағат 19.00-де Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне Ырғыз ауданы, Ақши ауылынан бір шақырым жерде үш баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Бұл туралы жексенбі күні Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылы туған балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
”Адырна” ұлттық порталы