Афинада орман өртеніп жатыр

2673
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/d146b569-652f-406f-ba63-04745a0c6174.jpeg
Афинада орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп. Афинаның өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, қатты желден өрбіген жалын Гимет тауы баурайына тез тараған.
Сақтық шарасы ретінде азаматтық қорғау органдары Афина орталығынан 20 шақырымдай жердегі Вула мен Глифада аймақтарының бір бөлігін эвакуациялаған.
Өрт сөндіру қызметінің өкілі Янниса Артопиосаның айтуынша, өрт 7 сағаттан астам уақытқа созылған. Оны сөндіруге 130-ға жуық өртсөндіруші 6 ұшақ, 4 тікұшақ көмегімен тонналап су құйып жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料