Ақтөбеде 4 және 5 жастағы үш бала суға батып кетті

2231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/72f8f53a-b7c0-41f4-8823-08055a4f1e40-960x500.jpeg?token=bb7d942fe379ac83993f877fd00682a0
Ақтөбе облысында 4 және 5 жастағы үш ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Екі ағайынды достарымен ауылдан бір шақырым жердегі өзенге барған. Суға түскен балалардың бірі бата бастағанда, қалғандары оны шығарып алмаққа ұмтылды. Бірақ олардың күштері жетпеген. Балалардың ең үлкені көмек сұрау үшін ауылға жүгіреді. Алайда үлкендер жеткенде, бәрі кеш еді.
«Хабарлама алған бойда бөлімше қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Келген кезде төрт баланың су қоймасының жағасында ересектердің қарауынсыз ойнағаны анықталды. Үш бала суға батып кеткен», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқармасының бастығы Нұрлыбек Айжарықов
评论
其他材料