Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген қаржының есебі берілді

2755
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/8132089a-d616-41b6-b3df-e6e7519d0f03.jpeg
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.
Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.
评论