Джакартадағы Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтед, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне еліміздің мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты нығайтады.
Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз