Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

3932
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/d18b37f3-7c9a-47e1-835f-8e3431f314b5.jpeg
Қазақстандық спортшы Едіге Емберді ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Отандасымыз 73 келіде бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келіні көтерді. Үздік үштік қатарына өзбекстандық Диорбек Эрматов пен канадалық Брайан Ибаньес Герреро кірді. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18 дейін жалғасады.
<
评论
其他材料