Қытайда алғаш рет шөл далада темір жол салынды

3559
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/95622c0e-532f-4f8c-af1b-2d94104ef681.jpeg
Қытайда алғаш рет шөл далада темір жол салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ұзындығы 825 шақырымға созылған жол өзге ауқымды жобаның бір бөлігі. Ол Такла-Макан шөлінің шеті арқылы өтеді. Шыңжаң-ұйғыр автономды ауданындағы Хотань қаласы мен Жоцян уезін жалғастырады. Құрылыс өңір табиғатының күрделілігіне байланысты 3 жарым жылға созылған. Рельсті құмды дауылдан қорғау үшін жолдың кей бөлігі көпір сияқты салынды. Осымен қатар 300 шақырымдай жерге 13 млн-нан аса тал отырғызылды. Билік темір жол аймақтағы сауда-саттықтың да жандануына ықпал етеді деп отыр.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料