Ақорда Тоқаевтың бір апталық жоспарын жариялады

2954
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/56472a82-af0d-4c91-b94c-61e6fa5b9e40-960x500.jpeg?token=46c24eaa4351d4f34f8f9577e2b66324
Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен осы аптада өтетін іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі. 23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады. 24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді»,– делінген хабарламада.
评论
其他材料