Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-ға жетті

3235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/2d9adcdd-fce0-4b1b-a8dc-49491a6d2380.jpeg
Ауғанстанның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан 920 адам қаза тауып, 620-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 22 маусым күні таңертең болған. Тербеліс магнитудасы 6,1 баллды құрады. Апат салдарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалды.
评论