Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды

2314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/64001531-50fe-42af-aef4-0df244b8e206.jpeg
Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған. Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料