Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған. 2009-2011 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы. 20011-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы. 2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған. 2017-2020 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры. 2020 жылғы қыркүйектен бастап - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.
”Адырна” ұлттық порталы