СҚО-да бала мен оны құтқармақ болған өгей әке суға батып кетті

3951
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/a699cd3f-0c91-4693-938b-57e98e45e41d.jpeg
Солтүстік Қазақстанда өгей ұлын құтқармақ болған ер адам мен оның 6 жасар баласы суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 10 шілдеде болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Новоникольское ауылынан 3 шақырым жерде тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен жігіттің жансыз денесін судан шығарды.
«1998 жылы туған ер адам 6 жасар өгей ұлын құтқармақ болған. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар баланың денесін келесі күні тапты»,– деп түсіндірді ведомство.
评论