17 жастағы жасөспірім 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

4702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/255e633c-8fd4-41d0-9d65-60e2588f3c15.jpeg
Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірім 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқыс оқиға 13 шілде күні «Шерқала» тұрғын үйінде болған.
«Бұл жағдай барлығына сабақ болсыншы деп сұраймын. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар. Терезеге қорғаныш торын қойыңыздар»,– деді бейнежазба авторы zhaloby___astana парақшасында.
2 жастағы бүлдіршінді құтқарған жігіт көп балалы отбасынан шыққан.
«Болашақта менің де балаларым болса, оларға біреу көмектессе жақсы деп ойлаймын»,– деп пікірін білдірді ол.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
评论