Путиннің көмекшісі Максим Орешкин SWIFT банк жүйесінің Ресейде сұранысқа ие болуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
«SWIFT-пен өте оңай: біз оған қажеттілік болмайтындай етіп жасаймыз. Мен бұл туралы айттым және бұл қазірдің өзінде негізгі міндет. Біз қазір сыртқы экономикалық қызметті барынша ыңғайлы етуге назар аударып жатырмыз», -деді Орешкин.Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында ЕО Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін келіскен болатын. Оның тармақтарының бірі көптеген ресейлік қаржы ұйымдарын SWIFT төлем жүйесінен ажыратуды қарастырды.
"Адырна" ұлттық порталы