ШҚО-да 77 жылжымайтын мүлігі бар кәсіпкерге іздеу салынды

3064
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/1dc3b9ea-bde8-4f9f-97d7-b9edbc4628de.jpeg
Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері мәлімдеген болатын.
"11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге (халықаралық іздеуде, БИПЭК компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті (оның ішінде "Рахман қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базаларын), сондай-ақ 1 мың бірлік жылжымалы мүлікті соталды тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

评论