Тоқаевтың жарлығымен Мамин, Атамқұлов, Досаев шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылды

3213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/386a06be-b3b4-4e93-9f6b-2584ff2cb58f.jpeg
Мамин, Атамқұлов, Досаев шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы министрі Бейбіт Атамқұлов және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылған. Олардың орнына: •Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов •Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов •Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров •Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кірді.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料