Мемлекеттің міндеті оқушыларға жағдай жасау

2259
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/d1344896-3843-42b9-bf86-43336322dce0.jpeg
Биыл Шымкент қаласында 5 білім беру ұйымының ғимараттары күрделі жөнделіп жатыр. Бүгін екі мектепке барып, жөндеу барысын көрдім. Жалпы, қаладағы 23 білім беру ұйымы жөндеуді қажет етеді. Олардың жобалау-сметалық жоспары дайындалып, қалалық бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жөнделетін болады. Сонымен бірге қазір қалада 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 8-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік мектептер. Биыл 11 705 оқушыға арналған 24 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке азаяды. Мемлекеттің міндеті қаладағы 203 мектепте оқитын 242 525 оқушының жаңа оқу жылын барлық жағдай жасалған мектептерде білім алуына жағдай жасау.
评论