Абай облысында жер сілкінді

1406
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kkPbWcu1sznlgqlMZQcaZGWDbgq7PcOtoCnIDdhk.webp

Абай облысында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дүмпу 23 маусым Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те тіркелген.

«Абай облысында Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық.  Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70»,—делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

评论
其他材料