Актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

976
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bUrmvbIg0frpVEtnbMtFLEsVeBjgBMlCUcnwYVgw.jpg

Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ол жаза мерзімін өтеген соң босатылған.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudaraban Capital ісі бойынша қамауға алынған. 2023 жылғы 23 маусымда екеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

评论