Үш күннен кейін. Түркістанда өзенге құлаған әйелдің мәйіті табылды

976
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya.jpeg

Түркістан облысында Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұм әйел отбасымен бірге өзен маңында демалып жүрген. Бейресми деректерге сүйенсек, әйел жүкті болған.

Құтқарушылар оның денесін үш күн өткен соң тапқан.

«Орман шаруашылығының қызметкерлері мен олардың туыстары белгісіз жағдайда Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағындағы суға құлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1998 жылы туған жас әйелдің денесін жағаға алып шықты. Оқиға орнына сегіз қызметкер, екі техника және бір эхолот жұмылдырылды», – деді Түркістан облысы ТЖД басқармасының инженері Ақарыс Омар.

评论