Сегізінші мерзім. 92 жастағы Камерун басшысы тағы да президенттікке кандидат

3346
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3BJJ2WrdA81msieVcbOkwVtOY4RVyxvggDb03ZFn.webp

92 жастағы Камерун президенті Поль Бийя алдағы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2025 жылғы 12 қазанда өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурамды ұсынамын. Біз бірге кез келген қиындықты еңсереміз»,–деді ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Поль Бийя – Камерунның екінші президенті. 1982 жылдан бері елді басқарып келеді. Соңғы рет ол 2018 жылғы сайлауда жеңіске жетіп, 71,28% дауыс жинаған болатын. Сол кезде оппозиция жаппай заңбұзушылықтардың тіркелгенін мәлімдеген. Бұл жағдайға қарамастан, 2024 жылдан бастап билеуші CPDM партиясының мүшелері Бийяны тағы да сайлауға түсуге шақырған. Алайда оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерінің бір бөлігі оның ұзаққа созылған билігі ел дамуын тежеп отыр деп есептейді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, егер Бийя қайта сайланса, оның президенттік өкілеттігі жүз жасқа дейін жалғасуы мүмкін.

评论
其他材料