Моңғолия президенті Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды

971
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/elVw6ob7cGHnyoZwOUChxa6qyjwL8LXT9E8ZuFCV.jpg

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сапар аясында екі елдің көшбасшылары ресми келіссөздер жүргізіп, дәстүрлі достық қатынастарды нығайту және дамыту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Моңғолия мен Қырғызстан арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған оннан астам үкіметаралық және мекемелер арасындағы келісімдерге қол қою жоспарланған.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 сәуірде орнатылған.

Моңғолия Президентінің шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті 2023 жылы Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған. Сол сапар аясында жеке кездесулер мен ресми келіссөздер өтіп, нәтижесінде Моңғолия мен Қырғыз Республикасының достық қатынастарын және ынтымақтастығын тереңдету туралы Бірлескен декларация қабылданған.

Сондай-ақ сапар барысында экология, ауыл шаруашылығы, құқық және әділет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екі ел астаналары арасында бауырластық байланыстар орнатуға ықпал ететін бірқатар құжаттарға қол қойылған.

评论