Петропавлда жатақхана өртеніп, 42 адам эвакуацияланды

1514
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KluwjH8UFAW1yjzUQVrdyAYPdkl5Bp9XgeLw8Xlw.webp

Бүгін, 26 шілдеде Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің бірінен басталған.

«ТЖМ құтқарушылары баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Мамандар өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермей, өртті шағын аумақта сөндірді»,—делінген хабарламада.

Министрлік электр сымдарының жарамдылығын тексеріп, желіні артық жүктемеуді және тек қауіпсіз электр құралдарын пайдалануды ескертеді.

Еске салайық, Алматының Кеңсай шағынауданында  25 шілдеде өрт шыққан болатын. Тұтанған өрт шамамен 22:39-да ауыздықталды.

评论
其他材料