Биыл 1-сыныпқа баратын оқушылардың 70 пайызы қазақша оқуды таңдаған. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
«Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 312 000 бала қабылданды. Олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған», — делінген хабарламада.
Есте сала кетейік, 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталған. Балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр.