Azal ұшағы. Гейдар Әлиев әуежайында Хокума Әлиеваны еске алу рәсімі өтті

1030
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8F5Fj9PSZ3a4m61MZbClVaRtPOuvDNYCW2dArqLt.jpg

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Әзербайжанның ұлттық батыры Хокума Әлиеваның туған күніне орай бір минут үнсіздік жарияланды. Бұл туралы ақпаратты әуежай өкілдері Report агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Еске салайық, 2024 жылдың 29 желтоқсанында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жарлығымен Хокума Джалилқызы Әлиеваға жолаушылар өмірін құтқару және қызметтік міндеттерін атқару кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі, ерлігі мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін «Әзербайжанның ұлттық батыры» атағы берілген еді.

Оқиға Embraer 190 типіндегі Azal жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған кезде орын алған. Ұшақ «Әзербайжан авиалиниялары» АҚ-на тиесілі болып, Баку – Грозный (Ресей) бағыты бойынша рейс орындаған болатын.

评论