Қазақстандық «Қайрат» клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

1792
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SCpQvRW3MlEuvQjN2yPTLHFnjIkuukvKu9k6sbMm.webp

Футболдан алматылық «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында словактың «Слован» командасын ұтып, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алғашқы ойында Алматыда «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 

30-минутта Роберт Мак қақпашы Александр Заруцкий қорғаған қақпаға гол соғып, есепті ашты. Негізгі уақыт Қазақстандағыдай 1:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да таразы басы тең қалды, ал пенальти сериясында алматылықтар 4:3 есебімен басым түсті.

Осылайша «Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Келесі айналымда олар «Селтикпен» кездеседі. Жеңген команда топтық кезеңге өтеді, ал жеңілгендер Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Плей-оффтың алғашқы матчы 20 тамызда Глазгода, ал жауап кездесуі 26 тамызда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, 14 тамызда «Астана» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» клубын қабылдайды. Алғашқы ойында елордалық команда 1:3 есебімен жеңілген еді.

评论