Абай облысындағы оқиға. Жүргізуші екі айға қамалды

978
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен балаларға үздік мамандар тартылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта стационарда үш бала ем алуда. Біреуінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Балаларға толық тексеру жасалып, емдеу жоспары әзірленген. Дәрігерлердің бригадасы бір пациентке миға күрделі нейрохирургиялық ота жасап жатыр, ішкі ағзалардағы қан кету тоқтатылды. Жағдайлары тұрақтанған соң, балаларды әуе бортымен Астанаға жеткізу мәселесі қаралады.

Ал Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдікті жүргізуші оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен оған бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауда ұстау жазасы қолданылды. Қылмыстық істі Абай облысының полиция департаменті тергеп жатыр, тергеу барысы ІІМ бақылауында.

评论