Жарақат алғандар бар. Ұлытауда пойыз жүк вагонымен соқтығыса жаздады

1272
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OHaDmbMiOx5hq6skLQz4eFExef7Y5LOfJ1Xoec8t.webp

Ұлытау облысында жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығыса жаздады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 24 тамыз күні болған. Ресми деректерге сүйенсек, «Жезқазған-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі жолдағы жүк вагонын көріп, оған 300 метр қалғанда шұғыл тежеу қолданған. Пойыз 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан.

«Локомотив бригадасының жедел және кәсіби әрекеті арқасында елеулі зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар қатты тежеу нәтижесінде жеңіл жарақат алды. Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда оқиға себептері анықталып жатыр. Мән-жайларды анықтау үшін басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті.

 

 

评论