Шымкентте полицей қызмет көлігімен әйел адамды қағып кеткен

1702
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GwwdzBSgoIfZf5v4K8DTlpArvFNnXD7bwOIBJCHD.webp

Шымкентте жаяу жүргіншіні полиция қызметкері қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қайғылы оқиға полиция департаментінің маңында, Желтоқсан көшесінде болды. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша қаза болған әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болып, ағаштың арасынан кенеттен шыға келген. Көлік тізгінінінде Абай аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі болған. 

«Шымкентте полицей жаяу жүргіншіні қағып, әйел көз жұмды. Оқиға 28 тамызда Желтоқсан көшесінде болған. Қалалық полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр»,  —  деп жазылған хабарламада

评论