"Берденов шетелде ем алып жатыр". Депутат әріптесінің жағдайын айтты

1402
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qLaxvA49w72UxMnRX9IvgUkeOSzbpgMQdG30hi6F.jpg

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков партияласы Руслан Берденовтың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Біреудің денсаулығына қасақана немесе басқа жолмен зиян келтіру – қазіргі заман талабына сай келмейтін нәрсе. Заң үстемдігін қарасақ, олай істеуге болмайды.
Руслан Берденовтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметі – саяси қызмет. Ал саяси қызметте жұмыс істеу керек. Ол денсаулық жағдайына байланысты қызметін әрі қарай жалғастыра алмайтын болса, орнын босату керек қой. Бұл жерде жеке Берденовтың мүддесі емес, мемлекет мүддесі басты орында болуы тиіс.

Журналистің "Берденов «Аманат» партиясының мүшелігінде бар ма?" деген сауалына депутат:

"Берденов қазір партия мүшелігінде бар. Ол саяси қызметке тағайындалған кезде партияның ішкі қызметтерінен босатылған. Ал партия мүшесі ретінде әрдайым қала береді. Ол денсаулық жағдайын дұрыстап, саяси қызметті жалғастыруға ниет танытып жатса, оған ешкім қарсылық танытпайды", – деп жауап берді.

Олжас Құспековтың айтуынша, Руслан Берденов шетелде ем қабылдап жатыр.
"Мен Шымкентке Берденовтың жағдайын білу үшін бардым, телефонмен де хабарласқаным бар. Қазір денсаулық жағдайына байланысты шетелде реабилитациядан өтіп жатыр. Қазір тек телефон арқылы байланыстамыз", – деді ол.

评论