Мұнай-газ саласының майталмандары марапатталды

693
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bytDyBBP3rnAGeB7J650bzfrwgr267GMwp6I3i88.jpg

Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай  салтанатты шара өтті.

Мұнай-газ кешені – еліміздің стратегиялық салаларының бірі. Бұл салада ауқымды жобалар іске асырылуда, өндірістер жаңғыртылуда, жаңа технологиялар енгізілуде, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы дамуда. Өткен жылы  мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты және тиімді жұмысының арқасында   Ақ Жайық өңірінің  ұлттық экономикадағы жетекші рөлінен айрылмады.  Біздің өңір республика бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Атырау мен Маңғыстау облыстарынан кейінгі үшінші орында тұр. Еліміздегі өндірілген мұнайдың 14,4%-ы – облыстың үлесінде. Мұнай мен конденсаттың алынатын қоры шамамен 329  млн тоннаны құрайды, ал газ қоры 882,6 млрд текше метрден асады. 2024 жылы 12,6 млн тонна сұйық көмірсутектер өндірілді. 2030 жылға қарай Қарашығанақ кен орны есебінен мұнай өндіруді 13,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ Рожковское конденсат кен орнында («Орал Ойл Газ» ЖШС) жұмыстар жүргізілуде. Өңірде бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарға енгізілген.
 –  Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру полкін қолдау жобалары аясында 5-ші кері айдау компрессорының құрылысы аяқталып, 6-шы компрессордың құрылысы жалғасуда. Жобаны 2026 жылы аяқтау межеленген. Аукциондық тетік арқылы іске асыруға берілетін жер қойнауының бос және келешегі мол учаскелері бар. 2024 жылы жер қойнауының бір учаскесі (Шыңғыс-Телсу учаскесі) бойынша аукцион өткізілді. Бүл күндері учаске бойынша барлау   жобалау құжатын жасау үшін геологиялық-геофизикалық материалдар зерделенуде. Өңірдегі газ өндірудің негізгі үлесін мұнай-газ конденсаты болып табылатын Қарашығанақ кен орны қамтамасыз етеді.  Аталған кен орнының техникалық шарттарын ескере отырып, мұнай өндіру үшін өндірілген газды кері айдауды жүзеге асыру қажет, – деді жиында сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтаған облыс әкімінің орынбасары   Мирас Мүлкәй. 
Баяндамшының айтуынша, 2024 жылы газ өндіру 23,9 млрд м3 құрады, айдау үлесі 14,2 млрд м3 болды. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша көмірсутек шикізатын өндіру көлемі: газ –17,4 млн текше метр, мұнай және газ конденсаты – 8,4 млн тонна құрады. Келешекте 2029 жылға дейін газ өндіруді тиісінше 22,4 -тен 31,3 млрд м3-ге дейін ұлғайту көзделген. А,ымдағы жылы тауарлық газ  алу мақсатында Қарашығанақ акционерлерімен бірлесе отырып, қуаттылығы жылына 4 млрд м3-ге дейінгі газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын жүзеге асырудың тұжырымдамалық шешімдеріне қол жеткізілді. Бұл жобаны 2028 жылға дейін іске асыру жоспарланған.  2023 жылдың желтоқсанында Рожковское кен орнында алғашқы газ өндірісі орны пайдалануға берілді. Шикі газ «Жайықмұнай» ЖШС-ның газ өңдеу зауытында өңделеді. Сонымен бірге, келешекте Каменско-Тепловско-Токаревская кен орындары тобын (алу қоры 42,3 млрд  м3 газ) іске қосу жоспарлануда. Өңірде мұнай-газ саласын дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмыс  дәйекті түрде жалғаспақ.  
Іс-шарада «Мүнайшы» қоғамдық қорының БҚ филиалының директоры Б. Махуов, «КПО б. в.» компаниясының кадрларды басқару бойынша директоры С. Ізбасарова әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Осы салада адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар   маман облыс әкімінің Алғыс  хатымен марапатталды. 
Тәуелсіздік жылдары  еліміз қара алтынның игілігін молынан көрді. Осы жылдар ішінде мұнай өндірісі төрт есе өсті. Мемлекетіміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы стратегиялық тірек  мұнай-газ саласы өңірде де даму қарқынынан танбақ емес. 

评论