Иерусалимде теракт. 4 адам қаза тапты

767
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nGS5nARWAMOaosaMqY8EbV6fZNlgjuJ8lh8cyChM.jpg

Иерусалимде теракт болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Екі террорист автобусқа мініп, Израиль астанасындағы Рамот қиылысында оқ жаудырған.

Қарулы қақтығыс салдарынан тағы шамамен 15 адам жараланған. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаған террористердің тірі не өлі екені әзірге нақты белгісіз. Олар “Карло” үлгісіндегі қолдан жасалған пистолет-пулеметті пайдаланған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС өкілдеріне атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдау жөнінде “соңғы ескерту” жасағанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Ақ үй басшысының сөзінше, Израиль оның шарттарына келісім берген.

评论