Трамп Израильдің Қатарға жасаған соққысына қатысты пікір білдірді

1814
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Дохада палестиналық ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшелерін нысанаға алып жасаған әуе шабуылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол бұл қадамға «қатты өкінетінін» жеткізді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, Қатар – Америка Құрама Штаттарының сенімді одақтасы және егемен ел, ал оны біржақты бомбалау Израильдің де, АҚШ-тың да мақсаттарына қызмет етпейді.

Ливитт соққы туралы Трамп әкімшілігі алдын ала хабардар болғанын айтып өтті. Президент арнайы өкіл Стив Уиткоффқа Қатар билігіне алдағы шабуыл туралы ескерту тапсырған.

«Президент Қатарды АҚШ-тың мықты досы және серіктесі деп біледі. Ол бұл шабуылға өкініш білдіреді және Газадағы барлық кепілге алынғандардың босатылғанын, соғыстың дәл қазір тоқтағанын қалайды», — деді Ливитт.

Израиль жасаған соққының басты нысанасы ХАМАС келіссөзшісі Халиль аль-Хайя болғаны хабарланды. «Әл-Жазираның» дерегінше, оның ұлы қаза тапқан. Сонымен қатар Қатардың ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілі Бадер Саад Мухаммед аль-Хумейди ад-Дусари да қаза тапты.

Қатар Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылды «қорқақ әрекет» деп атап, халықаралық заңдардың өрескел бұзылғанын мәлімдеді. Аймақ елдері, сондай-ақ Франция мен Ұлыбритания басшылары да Израильдің әрекетін сынға алды.

Ливиттің айтуынша, шабуылдан кейін Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және Қатар премьер-министрі шейх Мухаммед бин Абдулрахман Аль Танимен телефон арқылы сөйлесті. Израиль соққы үшін жауапкершілікті толық мойнына алды.

评论