Досаев жаңа қызметке тағайындалды

697
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/u73qBOao3FPWs01AZ4gJxIHpDRugyCS6Bn6SfFWd.webp

Ақорда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың Президент аппаратына жаңа қызметке тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, Досаев 2022 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал 2025 жылдың 24 мамырында Алматы қаласының әкімі қызметінен кеткен еді.

评论
其他材料