Зеленский Нью-Йоркте Трамппен кездесетінін мәлімдеді

765
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0kjTgW3PxWqjD80R4clCyCyuOdoF3Rnv6OcxQvLC.webp

Украина президенті Владимир Зеленский келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Айтуынша, сапар барысында бірқатар екіжақты кездесулер өтеді, соның ішінде АҚШ басшысымен келіссөздер де бар. Бұл туралы Интерфакс-Украина жазды.

Зеленскийдің сөзінше, әңгіме барысында Украинаның қауіпсіздік кепілдіктері мен Ресейге қарсы санкцияларды күшейту мәселесі талқыланбақ.

«Біз серіктестеріміздің Украинаға ұсына алатын кепілдіктерін және Ресейге қарсы санкциялық қысымды арттыру жолдарын қарастырамыз», – деді ол.

评论
其他材料