Соттан көз ашпайтын Саркози тағы да 5 жылға кесілді

1293
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tYWE3sbkQ4XAyQgMW34FA5SBWWH3cxmuoJ4BZuYp.jpg

Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді соттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 2007 жылғы сайлау науқанын Ливия режимінен заңсыз қаржыландыру ісі бойынша қылмыстық сөз байласуға кінәлі деп танылды. Сот үкіміне сәйкес, саясаткер 5 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ жазаның орындалуы кейінге қалдырылды.

Трибунал төрайымы Натали Гаварино Саркози сол кездегі серіктеріне Ливия тарапынан қаржылық қолдау алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, экс-президент пассивті сыбайлас жемқорлық, заңсыз қаржыландыру, мемлекеттік қаржы жымқыру және қылмыстық қауымдастыққа қатысу айыптарынан толық ақталды. Бұл баптар бойынша оған 10 жылға дейінгі жаза кесілуі мүмкін еді.

Саркози өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің саяси сипатта екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Айта кетейік, Николя Саркози 2007–2012 жылдары Франция президенті болды. Экс-президент былтыр 3 жылға сотталған еді.

评论