Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» клубының ойыншысы Асхат Тағыберген төртінші мәрте әке атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл сүйінші хабарды Қазақстан футбол федерациясы өзінің ресми парақшасында жариялады.
«Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!», – делінген ресми хабарламада.