Дуровтың дауынан соң. Ресейден Көлсайға марапат жетті

1420
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SieZMHww3rHo5VNohKeuBAnvypJmcHU6EWqGNN70.jpg

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкеріне Ресейден марапат келді. Бұл туралы табиғи паркт әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қазандағы №364 бұйрыққа сәйкес, Ресей Федерациясының Орман шаруашылығы федералдық агенттігі "Көлсай көлдері" МҰТП директорының орынбасары Хамит Ағабекұлын «Орман қорғау қызметіне 85 жыл» естелік төсбелгісімен марапаттады.

Марапат орман қорғау қызметін дамытуға қосқан үлесі, адал еңбегі және табиғатты сақтау мен қалпына келтіру бағытындағы жетістіктері үшін табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көлінде шомылған видеосын жариялаған болатын. Бұл әрекет әлеуметтік желілерде сынға ұшырады, өйткені ұлттық парк ережелері бойынша көлде шомылуға тек арнайы белгіленген жерлерде ғана рұқсат етілген. Заңды бұзғандар үшін 39 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Кейін Дуров өзінің Telegram-арнасында жаңа видео жариялап, су түбінен темір таяқ алып шыққан сәтін көрсетті. Ол бұл әрекетін көлді қоқыстан тазалау ниетімен байланыстырды.

«Қазақстандағы таулы көлдің түбінен темір тауып, алып тастадым», – деп жазды ол.

Қызығы, бұл жағдайдан кейін Дуровтың өзін айыптау немесе айыппұл салу орнына, ұлттық парк қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Олар шетелдік қонақтың ереже бұзушылығына жол бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

评论