Әйелді соққыға жыққан әкім сотта Тоқаевтың пікірін өзін ақтау үшін пайдаланды

848
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SxtDmFI4gEBTawthA7X0ricNbh31MbIQVjVVoLw8.webp

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйелді ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылып, 314 560 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Сот тергеуі барысында әкім өзінің үйленгенін және қызметтегі кабинетінде басқа әйелмен қарым-қатынас болғанын мойындаған. Дегенмен, ол әйелді ұрғанын жоққа шығарған.

Оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған. Кикілжің кезінде әкім әйелді мойнынан ұстап, бірнеше рет ұрған. Кейін іс сотқа жетті.

Сот отырысында Қазбек Аққайыр өз әрекетіне өкініш білдіріп, тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдерге қатысты айтқан сөзін мысалға келтірген.

«Президент айтқандай, кейбір әйелдер айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзады. Бізде де сондай әйелдер бар», – деген ол.

Сот шешімі бойынша, әкім 314 560 теңге айыппұл төлейді. Сонымен қатар, ол бұрынғы сүйіктісіне моральдық зиян үшін 100 000 теңге және адвокат шығыны ретінде тағы 100 000 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

评论