Дуровтың Көлсайдағы дауы. Министрлік өкілі түсінік берді

1321
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SfNWmyEAyRe7YE0WR23HeaF9E7lchT5MCe0S316n.png

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылғаны үшін айыппұл салына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Милюктің айтуынша, Дуровқа қатысты жағдай мен қызғалдақ терген әйелге қатысты іс – екі түрлі құқықбұзушылық.

"Бұл екі бөлек құрам. Қызғалдаққа қатысты іс – табиғатты қорғауға байланысты қылмыстық жауапкершілік, ал тыйым салынған аймақта шомылу – ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру фактісі. Мұндай жағдайлар үшін жауапкершілік Экология министрлігінің құзыретіне жатады. Біз айыппұл рәсімдеген жоқпыз, тек материалдарды жинап, министрлікке жолдадық. Біліктілікке қарай – ескерту беруден бастап, 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін", – деді ол.

Павел Дуров Астанаға Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысу үшін келген болатын. Форум кезінде ол Қазақстаннан қалыңдық іздеу туралы қалжың айтып, қоғам тарапынан сынға ұшырады.

Бұдан кейін ол Алматы облысындағы Қолсай көлінде тыйым салынғанына қарамастан шомылған. Ұлттық парк әкімшілігі бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады.

评论