Бюджетті жымқыру дерегі. «СК-Фармацияға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

1305
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rIE3iNau4UlvgKffAYiXOQxbRGXBnwuWatWBDS5D.jpg

«СК-Фармация» ЖШС-не қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифинг барысында мәлімдеді.

«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялай алмаймын», — деді Елемесов.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілде айында Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты ірі көлемдегі қаржылық бұзушылықтар анықталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу тіркеген еді.  Ал мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек келтірілген шығын көлемі 35,8 миллиард теңгені құрайтынын хабарлаған.

评论
其他材料