«Уақыт үнемдейік». Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына  ескерту жасады

1268
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sqGBRa0RckdlVEbHSRGn6JtKmlNabHI9uktTapnu.webp

Бүгін, 28 қазанда өткен Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» холдингінің басшысы Қайрат Мақсұтовқа ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкімет басшысы 16 минут сөйлеген Мақсұтовтың баяндамасы ұзаққа созылғанын айтты.

«Сіздің баяндамаңыз тым ұзаққа созылды. Қысқаша, нақты баяндау керек. Уақыт үнемдейік»,- деді Бектенов.

Премьер-министр Үкімет отырыстарында ақпаратты қысқа әрі мәнді түрде жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысының күн тәртібінде электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.

评论