Ө, ү, ҕ әріптерін қолданады. Интернетте якут тілінде сайттар пайда болды

977
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/debR2TYa27yi6gDQmE8IzyvCeoK4CYxwsIff7V1F.jpg

Халық бірлігі күніне орай «Рунити» компаниялар тобы .рф аймағында ұлттық әліпбилердің әріптерімен жазылған 1,5 мыңнан астам домені тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

SakhaDay басылымы ұлттық әліпбиді қолдануда көш бастап тұрғандар якут, татар және башқұрт тілдері екенін мәлімдеді.

2025 жылдың жазында басталған тіркеу науқаны аясында жаңа домендердің шамамен төрттен бірі дәл осы тілдердің символдарын пайдаланып жасалған.

Цифрлық кеңістікте белсенділік танытқан якут тілі де өз мәдениетін интернет арқылы дәріптей бастады. Мысалы, олоҥхо.рф, өрүс.рф сияқты жаңа домендер аймақтың мәдени мұрасы мен ұлттық ерекшелігін айшықтайды.

«Рунити» деректеріне сәйкес, ең жиі қолданылатын ұлттық әріптер — ө, ү және ҡ.

Сонымен қатар, Якутия мен Башқұртстандағы кәсіпкерлер де бұл бастамаға қызығушылық танытып отырғаны анықталды.

Жаңа домендердің 11 пайызы бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс ұлттық тілдердің цифрлық кеңістікте дамуына, сондай-ақ мәдени мұраны жаңа форматта танытуға жол ашады.

评论