АҚШ жерасты ядролық сынақтарын қайта бастауы мүмкін - Трамп

747
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің жерасты ядролық сынақтарын қайта бастауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп Вашингтоннан Палм-Бичке ұшып бара жатқан Air Force One ұшағында журналистердің сұрағына жауап берді.

«Бұл туралы жақын арада белгілі болады, бірақ иә, біз біраз сынақтар жүргіземіз. Басқа елдер де мұны істеп жатыр. Егер олар істесе, біз де жасаймыз», — деді.

Бұған дейін ол TruthSocial әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Пентагонға 33 жылдық үзілістен кейін ядролық қару сынауларын қайта бастауды тапсырғанын мәлімдеген болатын.

«Басқа елдер өз сынақ бағдарламаларын жүргізіп жатқанда, мен Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруымызды теңдік негізінде сынақтан өткізуді тапсырдым. Бұл процесс дереу басталады», — деп жазды Трамп.

Ақ үй басшысы сондай-ақ, АҚШ-та басқа елдерге қарағанда ядролық қару көбірек екенін атап өтті.

АҚШ соңғы рет 1992 жылы ауқымды ядролық сынақ өткізген. Вашингтон 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойғанымен, оны әлі де ратификациялаған жоқ. Содан бері Невада полигонында тек субкритикалық жерасты сынақтары ғана жүргізіліп келеді.

Сарапшылардың пікірінше, ядролық сынақтардың қайта басталуы жаһандық қауіпсіздік жүйесіне елеулі әсер етуі мүмкін, ал бірқатар елдер Вашингтонды мұндай қадамнан бас тартуға шақыруы ықтимал.

相关新闻

评论
相关新闻