Жер сілкінісінен 8 адам қаза тауып, 200 адам жараланды

1262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NuegNO1kjnbKDlOjtXGvmXR0qGkcRrFD4nLpRzvV.jpg

Дүйсенбіге қараған түні Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Al Jazeera жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жер сілкінісі шамамен 523 мың тұрғыны бар Мазари-Шариф қаласының маңында болған. Төтенше жағдай салдарынан 8 адам қаза тапқан.

«8 адам қаза тауып, 200 адам жараланды», – делінген хабарламада.

Саманган провинциясының денсаулық сақтау департаментінің өкілі Самим Джоянда қаза тапқандар санының әлі де өсе түсуі мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, жерасты дүмпулері Түркістан облысында да сезілген. Есептік мәліметтерге сәйкес, жерасты толқындарының күші 2 балды құраған.

«Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды»,—деді ТЖМ баспасөз қызметі.

评论