Букер сыйлығының жеңімпазы анықталды

788
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cRPIydIJNR1eyXz87gO2stPGPSWsYkSdS8z6xZm0.jpg

2025 жылғы Букер әдеби сыйлығының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биылғы жылы беделді марапатқа британ-венгр жазушысы Дэвид Солой өзінің «Тән» («Flesh») романы арқылы ие болды. Әдеби қазылар алқасы бұл шығарманы «ерекше әрі бірегей туынды» деп атады.

Сыйлықты табыстау рәсімі Лондонда өтті. Биылғы қазылар алқасына ирландиялық драматург Родди Дойл төрағалық етті.

«Біз қысқа тізімге енген алты кітапты бес сағаттан астам талқыладық. Бірақ қайта-қайта оралған бір ғана шығарма болды — ол „Тән“. Біз мұндайды бұрын ешқашан оқыған емеспіз. Кей тұстарында бұл ауыр, мұңды кітап, алайда оны оқу — нағыз ләззат», — деді Родди Дойл.

Дэвид Солойдың алтыншы романы - "Тән". Шығарма венгрлік жас жігіт Иштванның өмір жолын баяндайды: ол қарапайым тұрғын ауданнан бастап Лондондағы байлар әлеміне дейін түрлі өмір кезеңдерінен өтеді.

«Автор беттегі бос кеңістікті ерекше пайдаланады. Әр сөздің мәні бар, тіпті сөз аралық үзілістердің өзі мағыналы. Бұл кітап — өмір туралы, адам болмысының тосын сәттері туралы. Оны оқи отырып, тірі екеніңе қуансын келеді», — деп сипаттады жеңімпаз шығарманы қазылар алқасының төрағасы.

Өз кезегінде Дэвид Солой «Тән» романын қазіргі Еуропа мен ондағы мәдени және экономикалық айырмашылықтарға арнағанын айтты.

«Мен Венгрия мен Англия арасында өмір сүрдім, сондықтан екі елдің арақатынасы мен өмірдің физикалық сезімін сипаттағым келді. Бізді не айырса да, бәрімізді тірі екеніміз біріктіреді», — деді жазушы.

Айта кетейік, осыған дейін әдеби сыйлыққа кімнің шығармалары үміткер болғанын хабарлаған едік.

评论
其他材料